Бұл сайт — «Қазақмыс» Тобының жалғыз ресми ресурсы. Басқа сайттарда жарияланған ақпарат үшін компания жауапты емес.

Қазақмыс өндірістегі бос жұмыс орындарына үміткерлерді бірыңғай іріктеуден өткізуде

Қазақмыста өндірістік бөлімшелерге мамандарды іріктеудің бірыңғай тәсілі қолданылады. Жезқазған қаласында «Жомарт» кеніші мен Шығыс Жезқазған кенішіндегі бос жұмыс орындарына үміткерлермен кезекті сұхбат бірыңғай комиссияның қатысуымен өтті.

«Жомарт» кенішіндегі конвейер машинисі, тиеп-жеткізу машинасының машинисі, бұрғылаушының көмекшісі, бункерлеуші және өндірістік үй-жайларды кешенді тазалау жөніндегі маманның жұмысына 36 үміткер шақырылды.

Комиссия Шығыс Жезқазған кенішіндегі төңкергіш машинисі лауазымына үміткерлермен де сұхбат өткізді.

Кандидаттар кәсіби даярлығы, жұмыс тәжірибесі, болашақ қызметінің ерекшелігі және өндірістік қауіпсіздік қағидасы ескеріле отырып, іріктеуден бірыңғай талаппен өтеді.

Бірыңғай комиссия форматы Қазақмыс кәсіпорындарындағы кадрлық рәсімдерді біріздендіруге мүмкіндік береді. Кандидаттар ортақ критерийбойынша қаралып, шешім өндірістік бөлімшелердің мамандарға деген нақты қажеттілігін ескере отырып қабылданады.

Мұндай тәсілдің негізгі мақсаты – жұмысқа орналасу үдерісін кандидаттар үшін түсінікті әрі ашық ету және кәсіпорындарды білікті мамандармен қамтамасыз ету.