Бұл сайт — «Қазақмыс» Тобының жалғыз ресми ресурсы. Басқа сайттарда жарияланған ақпарат үшін компания жауапты емес.

«Қазақмыс» компаниясы өз қызметкерлерін қолдауға және оларды баспанамен қамтамасыз етуге бағытталған корпоративтік бастамасын 2025 жылы да жалғастыратынын қуанышпен хабарлайды.

2025 жылы компания корпорацияның қызметтік тұрғын үйінде тұрып жатқан қызметкерлерге баспананың меншік иесі атану мүмкіндігін ұсынады. Осылайша, 204 қызметтік пәтер отбасында мүмкіндігі шектеулі мүшесі бар қызметкерлерге, көпбалалы отбасыларға және зейнеткерлерге тегін беріледі. 152 пәтер Балқаш қаласы Сейфуллин көшесі, 34-үй мекенжайында орналасқан, ал 52 пәтер қызметкерлердің тұғылықты жері бойынша беріледі. Сонымен қатар 2000 жылға дейін салынған пәтерлерде тұрып жатқан 60 қызметкер қызметтік тұрғын үйді 1 миллион теңгеге дейінгі қалдық құнымен сатып алу құқығына ие болады. Барлық үміткерлерге құжаттарды «Қазақмыс» тұрғын үй комиссиясына тапсыру қажет екені туралы хабарланады. Толық ақпарат алу үшін «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік департаментінің аймақтық мамандарына келесі телефон нөмірлері бойынша хабарласуға болады: * 8 7102 748 081 – Парфенова Ирина (Ұлытау облысы) * 8 7102 741 570 – Алданазарова Зәмзәгүл (Ұлытау облысы) * 8 71036 62424 – Қаржасова Альфия (Балқаш қаласы) * 8 7212 952682 – Мизембаева Жанар (Қарағанды облысы)