Қазақмыс жерасты техникасы паркін жаңартуды жалғастыруда
Өндірістік жабдықтың сенімділігін арттыру бағдарламасы аясында «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-да АП-30 (МАЗ) жерасты автобусының күрделі қалпына келтіру жұмысы аяқталды. Арнайы техника Оңтүстік Жезқазған кенішіндегі өндірістік жұмысқа пайдаланылады.
Машина жерасты жағдайында жеті жылдан астам уақыт қолданылып, шамамен 19 мың мотосағат жұмыс істеген. Жөндеу барысында мамандар негізгі торап пен агрегаттарды толық қалпына келтірді: жүргізуші кабинасы ауыстырылып, көтергіш рама мен жолаушылар модулі жөнделді, трансмиссиясы қалпына келтірілді. Сондай-ақ тежегіш, пневматикалық және электр жүйелері тексерілді, жарықтандыру, әйнек және ішкі жабдықтау элементтері жаңартылды.
Жүргізілген жұмыс техниканың пайдалану сипаттамасын қалпына келтіруге, сенімділігін арттыруға және қызмет ету мерзімін ұзартуға мүмкіндік берді. Жаңартылған автобус жұмыскерлерді тау-кен жұмысы жүргізілетін орындарға қауіпсіз әрі үздіксіз жеткізуді қамтамасыз етеді.
Арнайы техниканы кезең-кезеңімен жаңарту және қалпына келтіру өндірістік үдерістің сенімділігін арттыруға және жұмыскерлер үшін қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз етуге бағытталған «Қазақмыстың» негізгі міндеттерінің бірі болып қала береді.







