Қазақмыс қауіпсіздік шараларын кешенді тексеру үшін өндірістік нысандардың жұмысын кезең-кезеңімен тоқтатады
20.03.2025
Жұмысты тоқтату кестесі: ·
20 наурыздан бастап –
Шығыс Жезқазған, Абыз, Саяқ, Нұрқазған, Қоңырат кеніштері; Нұрқазған, Қарағайлы, Балқаш
байыту фабрикалары; Мамандандырылған жөндеу-механикалық басқармасы,
құрылыс-монтаждау басқармасы, құю-механикалық зауыты және мамандандырылған
энерго-жөндеу басқармасы. ·
21 наурыздан бастап –
Оңтүстік Жезқазған, Ақбастау, Қажықонған, Шатыркөл, Жайсаң кеніштері. ·
22 наурыздан бастап –
Батыс Жезқазған кеніші. ·
23 наурыздан бастап –
Жыланды кеніші. ·
24 наурыздан бастап –
Жезқазған байыту фабрикасы. ·
Бұған
дейін тоқтатылған Жомарт кенішінде тексеріс жалғасуда. Барлық
жұмыстың қауіпсіздік ережесіне сәйкестігін тексеру үшін арнайы комиссия
құрылды. Барлық кемшілік жойылып, еңбек жағдайының қауіпсіздігі расталғаннан
кейін ғана телімдердегі жұмыс қайта жалғасады. Кеніштердің
жұмысы тоқтағанмен, жұмыскерлерге жалақы төлеу жалғаса береді. Бұл қадам компанияның еңбек
қауіпсіздігі қағидаттарына адалдығын және өз жұмыскерлеріне деген қамқорлығын
көрсетеді. «Қазақмыс» компаниялар Тобы өз нысандарында қауіпсіздік жүйесін
кезең-кезеңімен нығайтып жатыр. Осы бастама аясында барлық нормативтік
талаптардың сақталуын бақылау күшейтіліп, еңбек жағдайын жақсарту үшін қосымша
шаралар қабылданады.



