Бұл сайт — «Қазақмыс» Тобының жалғыз ресми ресурсы. Басқа сайттарда жарияланған ақпарат үшін компания жауапты емес.

«Қазақмыс корпорациясы» мен «Әділетті жол» келісімге қол қойды

Келісімнің мәтініне сәйкес «Әділетті жол» ҚБ (бұдан әрі – бірлестік) мүшелері болып табылатын Қазақмыс қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау шараларының кешенді түрлері көрсетіледі және компанияда қолданылып жүрген ұжымдық шартта көзделген жеңілдіктер беріледі, оның ішінде: ·  жұбайы немесе отбасы мүшесі қайтыс болған жағдайда қызметкерлерге орташа жалақысын сақтай отырып, әлеуметтік демалыстар беру; ·  жүкті әйелдерге арналған қосымша әлеуметтік демалыс; ·  ауыр және зиянды өндірістерде жұмыс істейтін бірлестік мүшесі болған қызметкерлерге еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша айлық жәрдемақыға қосымша төлемдер; ·  өндірістегі жазатайым оқиға салдарынан қаза тапқан жұмыскерлердің жұбайлары үшін қызметтік тұрғын үйді меншікке өтеусіз беру; ·  салалық төсбелгілермен марапатталған бірлестік мүшелеріне біржолғы сыйақы; ·  өндірісте қаза болған бірлестік мүшелеріне, өндірістегі жазатайым оқиғадан  мүгедектігі  немесе кәсіптік ауру салдарынан еңбекке жарамсыз болғандарына моральдық зиянның орнын толтыру; Қол қойылған келісім  шарт корпорация жұмыскерлерін  әлеуметтік қолдауға бағытталған.