Бұл сайт — «Қазақмыс» Тобының жалғыз ресми ресурсы. Басқа сайттарда жарияланған ақпарат үшін компания жауапты емес.

«Kazakhmys Energy (Қазақмыс Энерджи)» ЖШС-не айыппұл салуға қатысты БАҚ-да тараған ақпарат жайында

Құрамына «Kazakhmys Energy» ЖШС кіретін «Kazakhmys Holding» ЖШС басқармасы бұл ақпараттың ішінара шындыққа жанаспайтынын ресми түрде мәлімдейді. Шынында да, Ұлытау облысы прокуратурасының қаулыларымен 06.01.2023 ж. 2023 жылдың 27 наурызына дейін кәсіпорындардың қызметіне тексерулер тағайындалып, жүргізілді. Тексеру барысында айтарлықтай заң бұзушылықтар анықталған жоқ. Тексеру нәтижелері бойынша нұсқама актілері шығарылды, шаралар әзірленді. БЖЭО бойынша барлығы 132 сәйкессіздік анықталды, оның 86-сы жойылды, қазіргі таңда 46 іс-шара жүргізілуде. ЖЭО бойынша барлығы 85 сәйкессіздік анықталды, қазіргі таңда 40 сәйкессіздікке қатысты іс-шаралар аяқталды, 45 іс-шара орындалу үстінде. Жоғарыда аталған барлық заң бұзушылықтар жылыту маусымының тұрақты өтуі және электр энергиясын өндіру үшін кедергі келтірмейді. Сондай-ақ мақалада «Kazakhmys Energy» ЖШС (Kazakhmys Энерджи) электр станцияларының негізгі жабдықтарын жаңғыртуға және қайта құруға қаржы салмайтыны атап өтілген. Біз де бұл ақпарат шындыққа жанаспайды деп есептейміз. Айта кету керек, 2016-2022 жылдар аралығында Балқаш ЖЭО және Жезқазған ЖЭО жылу және электр энергиясы тарифтерінің тиімсіздігін ескере отырып, «Kazakhmys Energy» ЖШС («Kazakhmys Энерджи») Қазақмыс корпорациясы энергетикалық станцияларды жаңғыртуға және қайта құруға 35,9 млрд теңге инвестиция салды, оның ішінде: Жезқазған ЖЭО – 22,2 млрд.теңге, жобаларға: № 4 к. турбоагрегатты ауыстыру, № 8 к. жаңа турбоагрегатты монтаждау, № 8 к. қазандық агрегатын қайта құру, № 8 к. қазандық агрегатын ауыстыру жобалары. 220 кВ, 110 кВ, 35 кВ, 6 кВ. Балқаш ЖЭО-13,7 млрд.теңге, жобаларға№3 ст. турбоагрегатын ауыстыру,№5 ст. қазандық агрегатын салу, циркуляциялық суағарларды ауыстыру, ОРУ-110 кВ, 35 кВ электр техникалық жабдықтарын ауыстыру.