Бұл сайт — «Қазақмыс» Тобының жалғыз ресми ресурсы. Басқа сайттарда жарияланған ақпарат үшін компания жауапты емес.

Балқаш ЖЭО жылыту маусымына қалай дайындалды

Биыл негізгі қазандық пен турбоагрегаттар жөнделді, сондай-ақ отын-тасымалдау, турбина және химия цехтарындағы жабдық жаңартылды. Станция жанармай қорын ұлғайтты. Қоймаға 136 мың тонна көмір жиналды – бұл нормативтік қордан екі есе көп. Сондай-ақ 730 тоннадан астам мазут қоры қалыптасты. Айта кетейік, талап етілетін норма – 137 тонна. Мұндай қор жүктеме артқан жағдайда станцияның үздіксіз жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, жабдыққа кешенді диагностика мен техникалық куәландыру жұмысы жүргізілуде. «Біз ауқымды жұмыс атқардық, қыс маусымына толық дайынбыз. Біздің мақсатымыз – Балқаш тұрғындары мен кәсіпорындарын үздіксіз жылумен қамтып, станцияның сенімді жұмысын қамтамасыз ету», – деді Балқаш ЖЭО операциялық директоры Жасын Әлдебергенов. Жөндеу жұмысына бөлінген қаржаттың жалпы көлемі шамамен 6,4 млрд теңгені құрады, оның ішінде 2,4 млрд – ағымдағы жөндеуге, 4 млрд – күрделі жөндеуге бағытталды. Жылу электр орталығы "Балқаш жылу" ЖШС қалалық желілеріне жылу беруді қала әкімінің өкіміне сәйкес бастайды