Бұл сайт — «Қазақмыс» Тобының жалғыз ресми ресурсы. Басқа сайттарда жарияланған ақпарат үшін компания жауапты емес.

Кадр резервін дайындау

Естеріңізге сала кетейік, кадрлық резерв екі тәсілмен қалыптасады – қызмет жетекшілерінің кандидатураларын ұсыну, сондай-ақ қызметкерлердің өз бастамасы бойынша өтініш беру арқылы. Әрбір өзін-өзі ұсынған кандидат алғашқы бағалау және әңгімелесу барысында кәсіби білімі мен ұйымдастырушылық қабілеті тұрғысынан сыналды. Сұхбаттарды функциялардың басшылары, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы департаментінің өкілдері және персонал қызметін қамтитын мультидисциплинарлық комиссияның бастауымен өтті. Кәсібишеберлік деңгейін, қауіпсіздік техникасын білуін тексеру - комиссия жұмысының басты қағидасы. Әрбір үміткерге сұхбаттасу уақыты берілді, осылайша процеске егжей-тегжейлі ойластырылған көзқарас қамтамасыз етілді.  Жалпы алғанда, өзін-өзі ұсынған 37 үміткер тыңдалды, оның ішінде 22 қызметкер сұхбаттасудан сәтті өтті және компанияның әкімшілік-басқару персоналының кадр резервіне алуға ұсынылды. Жақын арада жаңадан құрылған резервшілер үшін олардың ерекшеліктері мен оқытудағы жеке қажеттіліктерін ескере отырып, егжей-тегжейлі даму жоспары әзірленетін болады. Бүгін дамуды мұқият жоспарлау-ертеңгі тиімділіктің КЕПІЛІ!