Ғалым Нұржанов геологтар мен маркшейдерлермен кездесу өткізді
26.06.2025
Кездесу барысында 2025 жылдың бірінші жартыжылдығының
қорытындылары пысықталып, екінші жартыжылдыққа арналған жоспарлар талқыланды. Мәселен: • процестерді цифрландыру және технологиялық трансформациялау; • жобалар мен өндірістік үдерістерді тиімді басқаруды арттыру; • қызметкерлердің құзыреттерін арттыруға бағытталған оқыту өткізу, сонымен
қатар Micromine жүйесінің жаңартылған нұсқалары негізінде; • корпорацияның минералдық-шикізат базасын кеңейту. Қызметкерлер өндірістік қызмет барысында туындайтын өзекті мәселелерді көтеріп,
қатысушылар оларды шешудің нақты жолдарын ұсынды. Әсіресе салааралық үйлестіру
мен өзара әрекеттестіктің маңыздылығы атап өтілді. Ғалым Нұржанов геологиялық барлау жұмыстарының «Қазақмыс корпорациясының»
тұрақты дамуындағы рөлін ерекше атап өтіп, мұндай кездесулер ашық диалог
орнатып, тиімді басқарушылық шешімдер қабылдауға мүмкіндік беретінін айтты.



