Көпбалалы отбасыларға пәтер!
24.10.2020
Көп балалы қызметкерлерге тұрғын үй беру бағдарламасы «Қазақмыс Холдинг»
ЖШС басшылары, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі және
Қарағанды облысының әкімдігі арасында қол қойылған бизнестің әлеуметтік
жауапкершілігін дамыту туралы үш жақты меморандум аясында жүзеге асырылады. Төрт, бес, алты бөлмелі пәтерлердің және бір абаттандырылған үйдің
кілттерін, өздерінің күнделікті еңбектерімен кәсіпорын мен қаланың дамуына
айтарлықтай үлес қосып жүрген, тәжірибелі өндіріс қондырғыларының
аппаратшылары, үй-жайларды жинаушылар, жөндеу электромонтерлері, су
ерітінділерінің электролизшілері алды. Бақытты қоныс иелерінің арасында – Байжигитовтар отбасы бар. Үлкен отбасы
басшысы Жанаулан Байжигитов жеті бала тәрбиелеп отыр және «Қазақмыс Смэлтинг» ЖШС
БМЗ шихта дайындау цехында шихталаушы болып еңбек етеді. Оның айтуынша, үлкен
пәтер туралы көптен армандаған, бірақ «Қазақмыс» оларға тек пәтер ғана емес,
балалардың тұруы мен тәрбиеленуіне барлық қолайлы жағдай жасалған жайлы үй
сатып алған. «Қазақмыс» корпорациясының арқасында Жанаулан мен оның жұбайы
Аяулының арманы орындалды. «Мен «Қазақмыс» басшылығына жаңа пәтер үшін шын жүректен ризамын! Бұл компания өз қызметкерлеріне шынымен қолдау көрсететін және көмектесетін санаулылардың бірі. Біз үшін өмір сүруге барлық жағдай жасалған – үлкен төрт бөлмелі пәтер, тоңазытқыш, теледидар, кір жуғыш машина және жиһаз – үйде барлығы бар» Балқаш өңіріндегі «Қазақмыс» корпорациясы тұрғын үймен қамтамасыз еткен
әрбір отбасында төрттен жетіге балаға дейін тәрбиеленуде. «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС әрдайым бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін белсенді дамытуда. Қазіргі қиын уақытта, пандемия басталғаннан бастап, компания коронавируспен күреске белсенді қатысып, қаламыздың денсаулық сақтау нысандарын медициналық жабдықтармен, дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етіп, халыққа вакциналар сатып алуға ақы төледі. Қазіргі уақытта «Қазақмыс» кез келген адамның өміріндегі екі маңызды мәселені шешеді:1) лайықты жұмыс береді; 2) өз баспанасын табуға көмектеседі. Сіздерді өміріңіздегі тамаша оқиға – жеке тұрғын үй алуыңызбен құттықтаймын. Онда тек бақыт, күлкі мен көтеріңкі көңіл-күй болуын тілеймін» Кілттерді табыстаудың жағымды миссиясын «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС
Басқарма төрағасының орынбасары Адлет Барменкулов орындады. Сондай-ақ, «Кәсіп қорған»
ҚБ Балқаш кәсіподақ ұйымынан тәтті сыйлықтар мен гүлдер табыс етілді. «Пәтер иелерін жаңа қоныс тойымен шын жүректен құттықтауға рұқсат етіңіздер! Көп балалы отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету – бұл халықтың осы санатының алдында тұрған ең күрделі мәселені шешу. Осылайша, «Қазақмыс» әлеуметтік бағдарланған компания ретінде Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев пен Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының проблемаларын шешудегі бизнестің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігі шеңберіндегі бастамаларына нақты қолдау көрсетеді» Өз кезегінде, салтанатты шараға қатысушылар – су ерітінділерінің
электролизшісі Мейрам Канаев «Қазақмыс» компаниялар Тобының басшылығына көп
балалы отбасылардың тұрғын үй мәселелерін шешуге көрсеткен көмегі үшін
алғыстарын білдірді.



