Бұл сайт — «Қазақмыс» Тобының жалғыз ресми ресурсы. Басқа сайттарда жарияланған ақпарат үшін компания жауапты емес.

Экологиялық акция!

ҚАШАН: 25 қыркүйек 12:00-де ҚАЙДА: - Балқаш қ., Балқаш көлі, қалалық жағажай (бағдар-Медициналық Колледж) - Жезқазған қ., Кеңгір су қоймасы, «Лагуна» жеке жағажайының сол жағындағы жағалау бөлігі Балқаш көлі және Кеңгір су қоймасы-Орталық Қазақстан далалары арасындағы оазистер. Бұл көптеген қазақстандықтардың сүйікті демалыс орындары және жануарлардың бірегей түрлерінің мекендеу ортасы.Егер сіз аймақ үшін өте маңызды су объектілерінің тағдырына бей-жай қарамасаңыз, 25 қыркүйектегі акцияларға қосылыңыз! Алаңсыз демалушылардың жағалауға тастаған қоқыстары қар астында «кетпеуі», көктемде еріген сумен бірге су қоймаларына түспеуі өте маңызды. АКЦИЯ БАҒДАРЛАМАСЫНДА: - қалдықтарды сұрыптау бойынша мастер-класс; - фотосессиялар; - экосубботник; - ақпараттық қалқандарды орнату. Ұйымдастырушылар қолғап, қоқыс сөмкелері мен суды ұсынады. Акция ұйымдастырушысы - «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС. Акцияны өткізуге Қарағанды облыстық экологиялық мұражайы, Балқаш қаласының Оқушылар сарайының "One Power" еріктілер клубы, А.Мусин атындағы Балқаш гуманитарлық-техникалық колледжінің еріктілер командасы, Жезқазған қаласының білім бөлімінің "Балалар мен жасөспірімдерді дамыту орталығы" КМҚК қосылды. Қосымша ақпаратты мына телефондар арқылы алуға болады: +7 705 759 99 09 – Ирина Игнатович, Қарағанды облыстық экологиялық мұражайы +7 707 809 4365 – Маржан, Балқаш қаласының Оқушылар сарайының "One Power" еріктілер клубы +7 705 222 0966 – Андрей, Жезқазған қаласының балалар мен жасөспірімдерді дамыту орталығы ТАБИҒАТТЫ БІРГЕ САҚТАЙЫҚ!