Бұл сайт — «Қазақмыс» Тобының жалғыз ресми ресурсы. Басқа сайттарда жарияланған ақпарат үшін компания жауапты емес.

«ҚАЗАҚМЫС» ӘРІПТЕСТЕРДІҢ ӨМІРІН ҚИҒАН ЖОЛ-КӨЛІК ОҚИҒАСЫ ТУРАЛЫ ҚАЙҒЫРА ХАБАРЛАЙДЫ

Сағат 18.45 шамасында, Тарасал кентіне бұрылыс маңында «Tranco Express» ЖШС филиалына тиесілі ПАЗ автобусы, құқыққорғау органдарының алдын ала болжамы бойынша қарсы бағытқа шығып кеткен, МАЗ маркалы жүк көлігімен соқтығысқан. Автобуста жүргізушіден басқа, Шатыркөл кеніші ұжымын кәсіби қараудан өткізіп, Балқаш қаласына қайтып келе жатқан «Жезқазған медициналық орталығы» ЖШС-нің он бір медицина қызметкері болған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан апат орнында екі жүргізуші, сондай-ақ «ПАЗ» автокөлігінің тағы бір жолаушысы қайтыс болды. Тағы бір жолаушы жедел жәрдем көлігінде жолда көз жұмды. Қалған жолаушылар түрлі дәрежедегі жарақат алды. Барлық зардап шеккендер Балқаш, Приозерск қалаларының медициналық мекемесіне жеткізілді. Жол полициясының қызметкерлері оқиғаның мән-жайы мен себептерін анықтап жатыр. «Қазақмыс» компаниясының басшылығы мен еңбек ұжымы қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтады.

Смотрите также

Қазақмыс қытайлық инжинирингтік компаниялармен жаңа күкірт қышқылы цехының құрылысын талқылауда
25.05.2026
Қазақмыс қытайлық инжинирингтік компаниялармен жаңа күкірт қышқылы цехының құрылысын талқылауда
«Qauipsizdik Start» бағдарламасы арқылы «Қазақмыс» қауіпсіздік мәдениетін дамытуды жалғастыруда
25.05.2026
«Qauipsizdik Start» бағдарламасы арқылы «Қазақмыс» қауіпсіздік мәдениетін дамытуды жалғастыруда
Қазақмыс Қытайдағы металлургия және энергетика салаларының озық технологияларын зерттеуде
24.05.2026
Қазақмыс Қытайдағы металлургия және энергетика салаларының озық технологияларын зерттеуде