Бұл сайт — «Қазақмыс» Тобының жалғыз ресми ресурсы. Басқа сайттарда жарияланған ақпарат үшін компания жауапты емес.

Еңбек адамы және ұрпақ тәлімгері: Ғабдуманап Шаяхметов зейнетке шықты

«Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС Басқарма төрағасы Нұрахмет Нуриев байытушыға өз кәсібіне адал қызмет еткені және саланың дамуына қосқан зор үлесі үшін алғыс білдірді. Ғабдуманап Диханбайұлы отандық өнеркәсіптің дамуына өлшеусіз үлес қосты. Осындай адамдардың арқасында байытушы мамандығын меңгеру абырой әрі мақтаныш болып қала береді. Ғабдуманап Шаяхметов еңбек жолында №1, №2 байыту фабрикаларының бас инженері, Сәтбаев қаласындағы №3 байыту фабрикасының директоры, Балқаш байыту фабрикасының директоры, Байыту өндірісі департаментінің директоры, «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС кен байыту жөніндегі басқарушы директоры, сондай-ақ Кен байыту басқармасының болашақ технологиялық процестер бөлімінің басшысы қызметтерін атқарды. «Еңбек ардагері» медалімен, «Еңбек даңқы» ІІІ және ІІ дәрежелі төсбелгілерімен, басқа да ведомстволық және мемлекеттік наградалармен марапатталған.  

Смотрите также

«Қауіпсіздік жоспардан маңызды»: Қазақмыстағы Safety Stand Down жобасы жаңа кәсіпорындарды қамтыды
13.05.2026
«Қауіпсіздік жоспардан маңызды»: Қазақмыстағы Safety Stand Down жобасы жаңа кәсіпорындарды қамтыды
Қазақмыс жерасты жұмысындағы қауіпсіздікті күшейту үшін аккумуляторлы техниканы сынақтан өткізуде
12.05.2026
Қазақмыс жерасты жұмысындағы қауіпсіздікті күшейту үшін аккумуляторлы техниканы сынақтан өткізуде
Құрметті отандастар!
09.05.2026
Құрметті отандастар!