Бұл сайт — «Қазақмыс» Тобының жалғыз ресми ресурсы. Басқа сайттарда жарияланған ақпарат үшін компания жауапты емес.

Жезқазған мен Сәтбаевта 90 тоннадан астам қоқыс жиналды

Республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында 9 сәуірде Ұлытау өңірінде «Қазақмыс» Тобының қызметкерлері кезекті мәрте «таза бейсенбі» іс-шарасына қатысты.

Екі қаланың көшелерінде шамамен 500 компанияның қызметкерлері мен 24 арнайы техника жұмыс істеді. Шара шеңберінде аумақтарды тазалау, қоқыс шығару, сондай-ақ ағаштарды әктеу жұмысы атқарылды. Акция қорытындысында 90 тоннадан астам қоқыс жиналып, шығарылды.

Компанияда атап өткендей, «Қазақмыс» республикалық экологиялық бастаманы жүйелі түрде қолдап келеді және мұндай іс-шараларды алдағы уақытта да тұрақты негізде жалғастырады. Сәуір, мамыр айларындағы тұрақты «таза бейсенбі» іс-шарасы өндірістік алаңдар мен қала аумағында тазалықты сақтау, сондай-ақ қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыруға бағытталады.

Смотрите также

Қазақмыс төрт айдың қорытындысын шығарды: қауіпсіздік күшейіп, геология қарқыны еселенуде, инвестиция көлемі рекордтық деңгейге жетті
18.05.2026
Қазақмыс төрт айдың қорытындысын шығарды: қауіпсіздік күшейіп, геология қарқыны еселенуде, инвестиция көлемі рекордтық деңгейге жетті
«Қазақмыс» өндірістік алаңдарында қызметкерлерге арналған тұрмыстық инфрақұрылым жаңартылып жатыр
16.05.2026
«Қазақмыс» өндірістік алаңдарында қызметкерлерге арналған тұрмыстық инфрақұрылым жаңартылып жатыр
Қазақмыс өндірістік қажеттілік үшін меншікті генерация көздерін құру мүмкіндігін қарастыруда
16.05.2026
Қазақмыс өндірістік қажеттілік үшін меншікті генерация көздерін құру мүмкіндігін қарастыруда