Бұл сайт — «Қазақмыс» Тобының жалғыз ресми ресурсы. Басқа сайттарда жарияланған ақпарат үшін компания жауапты емес.

Қауіпсіздік – басты назарда: Қазақмыста «Жер-2025» командалық-штабтық жаттығуы өтті

Сценарий бойынша жер сілкінісі салдарынан шахтада тау жынысы опырылып, әкімшілік-тұрмыстық кешен ғимаратында өрт шықты. Қысқа мерзімде төтенше жағдайды жою бойынша штаб құрылып, шұғыл әрекет ету қызметі мен Қазақмыс жұмыскерлері арасында бірлескен іс- қимыл ұйымдастырылды. Апаттық аумақты тексерген құтқарушылар шартты түрде жарақаттанған адамды сыртқа алып шығып, жедел жәрдем бригадасына тапсырды. Өрт сөндірушілер өртті сөндіріп, адамдарды эвакуациялады. Оқу-жаттығуға Ұлытау облысының ТЖД күштері, Сәтбаевтың өрт сөндіру бөлімшелері, жедел жәрдем бригадалары, «Серіктес» апаттық-құтқару қызметінің мамандары, сондай-ақ Шығыс Жезқазған, Оңтүстік Жезқазған және Батыс кеніштерінің жұмыскерлері қатысты. Қазақмыстың өндірістік алаңдарында оқу-жаттығу жүйелі түрде өткізіледі. Бұл өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қызметкерлерді төтенше жағдайға дайындауға бағытталған жүйелі жұмыстың бір бөлігі.