Бұл сайт — «Қазақмыс» Тобының жалғыз ресми ресурсы. Басқа сайттарда жарияланған ақпарат үшін компания жауапты емес.

Спорт және табиғатқа қамқорлық: «Жасыл ойындар» Қарқаралы ауданындағы 500 оқушыны біріктірді

Қарағайлы кенті мен Қарқаралы қаласында «Қазақмыс» корпорациясы ұйымдастырған «Жасыл ойындар» экологиялық акциясы жалғасуда.

Акцияның екінші күнінде 5-8 сыныпта оқитын 500-ге жуық оқушыны спорттық жарыс пен экологиялық іс-шараға қатысты.
Қарқаралы қаласында футбол мен волейболдан турнир өтті. Қарағайлы кентінің оқушылары үшін «Қазақмыс» жарыс өтетін жерге дейін көлік ұйымдастырды. Спорттық бағдарлама оқушылардың дене белсенділігін арттыруға, командалық іс-қимылды дамытуға және бірлескен бастамаларға ортақтасуға бағытталды.

Турнир қорытындысы бойынша жеңімпаздарға медаль мен кубок табысталды. Барлық қатысушыларға Қазақмыстың естелік сыйлығы — спорттық киім, сөмке және спорттық құрал-жабдық табысталды.

Жарыстан кейін оқушылар сенбілікке шығып, Қарқаралының қоғамдық орындарын абаттандыруға атсалысты. Осылайша, акцияның спорттық бағдарламасы нақты экологиялық бастамамен жалғасып, қатысушыларға аумақты көркейтуге үлес қосуға жағдай жасады.

«Жасыл ойындар» спорттық және экологиялық іс-шараны біріктіріп, оқушыларға жарыста өздерін көрсетуге ғана емес, қоршаған ортаны жақсартуға бағытталған нақты жұмысқа қатысуға мүмкіндік береді.

«Қазақмыс» өзі жұмыс істейтін өңірлердегі балалар мен жастардың бастамаларын қолдап, спортты дамытуға, сондай-ақ қоғамдық белсенділік пен экологиялық мәдениетті қалыптастыруға ерекше көңіл бөледі.

2026 жылғы «Жасыл ойындар» акциясы Қазақмыстың қатысы бар барлық өңірлерде — Жезқазған, Балқаш, Сәтбаев, Шу және Қарқаралы қалаларында өтуде. Іс-шараға барлығы 2 620 оқушы қатысады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,5 есе көп.