Бұл сайт — «Қазақмыс» Тобының жалғыз ресми ресурсы. Басқа сайттарда жарияланған ақпарат үшін компания жауапты емес.

Жеңіс Күні…

1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы фашизмді жеңген миллиондаған және көп ұлтты кеңес халқының Жеңіс күніне 75 жыл өтсе де, Ұлы Жеңіс күні, біздің әрқайсымыз 75 жыл бұрын, ұрыс даласында бізге қанмен және өз өмірлерімен бақытты бейбіт аспанға қол жеткізген адамдардың есімдерін ризашылықпен еске алып мақтан тұтамыз. Біздің әрқайсымыздың борышымыз-өз елінің өткенін білу және құрметтеу, майданда соғысқан және тылда еңбек еткен ардагерлеріміздің ерліктерін ұмытпау. "Қазақмыс корпорациясы " ЖШС Ұлы Жеңістің 75 жылдығы қарсаңында Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және тыл еңбеккерлеріне әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында Балқаш өңірі бойынша материалдық көмек көрсету үшін Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген Тілеуғабыл Артықовқа ақшалай қаражат бөлді. Ұлы Отан соғысына қатысушылардың асыраушысынан айрылған жеті отбасына, сондай-ақ 200-ден астам тыл еңбеккерлеріне материалдық қолдау да, назардан тыс қалған жоқ. Олардың барлығы бірнеше жылдар бойы "Қазақмыс корпорациясы " ЖШС Балқаш өндірістік алаңының әр түрлі құрылымдық бөлімшелерінде еңбек атқарып, қазіргі таңда   зейнеткерлік демалысқа шықты. Қазір олар-көгілдір, бейбіт аспан астында немерелер мен шөберелерді тәрбиелеп отырған ақсақалды аталар мен ақжаулықты әжелер.