Бұл сайт — «Қазақмыс» Тобының жалғыз ресми ресурсы. Басқа сайттарда жарияланған ақпарат үшін компания жауапты емес.

Құрметті отын - энергетика кешенінің қызметкерлері, әріптестер!

Энергетика саласы ең маңызды және күрделі салалардың бірі болып саналады. «Қазақмыс» компаниялар тобының өнеркәсіптік кәсіпорындарының, әлеуметтік сала объектілерінің тұрақты жұмысы және өңірлердегі адамдардың өмір сүруінің қолайлы жағдайлары энергетиктердің күнделікті еңбегіне тікелей байланысты. Құрметті энергетиктер! Биыл бүкіл Қазақстан біздің қатарымызда қандай лайықты адамдар еңбек ететінін білді. Отын - энергетика кешені мамандарының арқасында Екібастұз қаласының жылу желілері мен ЖЭО апаттарының салдары жойылды. Біздің шеберлердің күшімен 19 көппәтерлі үй мен 3 әлеуметтік нысан жылуға қосылды, 480 метр құбыр орнатылды, 1400 метр магистральдық желі жылытылды және жөнделді. Төтенше жағдайда көрсеткен кәсібилігі мен жанқиярлық еңбегі үшін біздің мамандарға шын жүректен алғыс айтамыз. Сіздер біздің компанияның мақтанышысыздар! Құрметті энергетиктер! Сіздердің кәсібиліктеріңіз, білімдеріңіз және жұмыста жоғары тиімділікке қол жеткізуге деген ұмтылыстарыңыз өндірістік міндеттерді сәтті шешуге ықпал етеді. Энергетиктер күні сіздерге апатсыз жұмыс, барлық бастамаларды табысты аяқтау, табыс, мықты денсаулық пен амандық тілеуге рұқсат етіңіздер! Құрметпен, «Қазақмыс» компаниялар тобының директорлар кеңесі