«Қазақмыс Корпорация» ЖШС сапаны дамыту Департаментінің сапа саласындағы Саясаты мен мақсаты
06.12.2022
Сапаны дамыту Департаменті – сапа менеджменті жүйесін енгізу, кәсіпорынның
құрылымдық бөлімшелеріндегі бизнес-процестерді қолдаудың және табысты дамытудың
ең маңызды шарты болып табылатын, өндірілетін өнімнің қолданыстағы стандарттары
мен талаптарына сәйкестігі бойынша әдістемені, нормативтік-техникалық
құжаттаманы жаңартуды, сапаны бақылау процестерін жақсарту бойынша жаңа
жобаларды бастауды қамтамасыз ететін «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС құрылымдық
бөлімшесі болып табылады. Мақсаты
– халықаралық стандарттарға және озық әлемдік тәжірибеге сай қолданыстағы
металды есепке алу жүйесін компанияның өндірістік бөлімшелерімен бірлесе жетілдіру. Басты
мәселе – сапаны дамыту Департаментінің бекітілен Стратегиясын жүзеге асыру. Сапаны
дамыту Департаменті қойылған мақсаттарға жету үшін келесі принциптермен
нұсқауланады: 1. басшылықтың жауапкершілігі мен көшбасшылығы; 2.
сапаны
дамыту Департаментінің жұмыскерлерін еңбек қауіпсіздігімен қамтамасыз ету және
қамқорлық көрсету; 3.
сенімге
негізделген компанияның барлық құрылымдық бөлімшелерімен өзара тиімді
қарым-қатынаста жұмыс істеуі; 4.
сапаны
дамыту Департаментінің жұмысын үздіксіз жақсарту процесстеріне жұмыскерлерінің
белсенді қатысуы; 5.
сыбайлас
жемқорлыққа шыдамсыздық; 6.
әлемдік
стандарттар мен озық тәжірибелерге сәйкес енгізілген жүйелердің қажеттілік, барабарлық
тұрғысынан және нәтижелік тұрғысынан тұрақты жақсарту. Сапаны дамыту
Департаментінің басшылығы сапа саласындағы Саясат пен мақсаттың жүзеге
асырылуына міндетті және жауапты.



