ЭКОЛОГТАРДЫҢ ЕҢБЕГІ АТАП ӨТІЛДІ
04.06.2022
ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев бірқатар қатысушыларға қоршаған ортаны қорғау саласындағы белсенді және жемісті жұмысы үшін "Экология саласының үздігі" төсбелгісін табыс етті. Марапатталғандардың қатарында "Kazakhmys Smelting" ЖШС қоршаған ортаны қорғау бөлімінің бастығы Айнұр Төлеуова және бөлімнің жетекші маманы Вячеслав Береснев бар. БҰҰ Даму Бағдарламасының қолдауымен ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі ұйымдастырған Конференция еліміздің 180-нен астам өнеркәсіптік кәсіпорындары мен халықаралық ұйымдардың экологтарының басын қосты. Қазақстандық және халықаралық сарапшылар экологиялық реттеу және мониторинг мәселелерін талқылады. Ал, конференцияға қатысушылар өндірістің энергия тиімділігін арттыруға және қоршаған ортаға жүктемені төмендетуге мүмкіндік беретін инновациялық технологияларды назарға алды.



