Бұл сайт — «Қазақмыс» Тобының жалғыз ресми ресурсы. Басқа сайттарда жарияланған ақпарат үшін компания жауапты емес.

Лайықты марапат

1978 жылы ол Балқаш тау-кен металлургиялық комбинатының Орталық зертханасына Химиялық өндіріс зертханашысы болып жұмысқа  қабылданды. 20 жылдан астам зертханада жұмыс істеп, Раушан Советқызы химия-металлургия комбинатына, құрамына бағалы металл кіретін цехқа, түсті металлургия бақылаушысы болып ауыстырылды. Содан кейін БМЗ драгметалды цехының шлам учаскесінің түсті металлургия өнімдерінің бақылау шебері және аға бақылаушысы болды. Цехта бірге жұмыс істейтін әріптестерінің айтуынша, Раушан Айғалиеваның 40 жылдан астам еңбек өтілімі бар . Өз ісінің маманы, жауапты, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары. Өз жұмысының шебері. Өндірістегі еңбек жылдарында көптеген жас мамандарды тәрбиелей алды. Ол Техникалық бақылау бөлімінде (ТББ) негізгі маманы бойынша жұмыс істейді. "Металлург күні" кәсіби мерекесіне орай, Рушан Советқызы Айғалиева көпжылдық адал еңбегі үшін 3-ші дәрежелі "Еңбек даңқы" төс белгісімен марапатталды. Осы мереке күні Раушан Айғалиева әріптестерінің, достарының және жақындарының ыстық ықыласына бөленді.