Қауіпсіз еңбекке ынталандыру
04.05.2022
Компанияда тоқсан сайын Қарағанды, Жезқазған және Балқаш өндіріс орындарында бір мезгілде өткізілетін дәстүрлі «Қауіпсіздік сағатында» үздік қызметкерлер марапатталды. Бұл жолы да байқау екі номинация бойынша өтті. Атап айтқанда, «Өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласындағы үздік қызметкер» және «Үздік желілік басшы». Жеңімпаздар келесі критерийлер бойынша таңдалды. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша қолданыстағы тәртіптік жазалардың болмауы, өндірістік қауіпсіздік және еңбекті қорғауға қатысты мәселелерді шешуге арналған сессияларға белсенді қатысу, бақылау-профилактикалық жұмыстарды дұрыс жүргізу, өндірістік процеске жүйелі көзқарас, жұмыс орнындағы қауіпсіздіктің жоғары мәдениеті және оларды жақсартудағы бастама. Байқау қорытындысына сай, «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС құрылымдық бөлімшелерінің 72 қызметкері марапатталды. Атап айтқанда, Ғазиз Омаров атындағы шахтапроходкалау тресінің, «Kazakhmys Smelting» ЖШС, Отын-энергетика кешені және «Kazakhmys Maintenace Services» ЖШС жұмысшылары жоғарыда аталған критерийлер бойынша үздік деп танылды. Жеңімпаздар Құрмет грамоталар мен бағалы сыйлықтарға ие болды. Оларды өндірістік бірлестіктің және кәсіпорын басшылар құттықтап, еңбектеріне табыс тіледі.



