«Қазақмыс» осы беттен таймайды
11.11.2015
Жиналысқа Қарағанды аймағында орналасқан корпорацияның барлық өндіріс орындарының, құю зауыттарының өндірістік бірлестігінің, «KazakhmysEnergy» ЖШС-нің, «Вираж» ЖШС-нің , « KM Tranko» ЖШС-нің және бірқатар қосымша мекемелердің басшылары мен еңбек ұжымдарының өкілдері қатысты. Бас директор корпорацияның барлық ұжымдарын кезекті өндірістік көрсеткіштердің орындалуымен құттықтап, алғыс білдірді, сонымен қатар еңбек қауіпсіздігін сақтаудағы көрсеткіштің төмендеуін атап өтті. Бұл біз үшін ең маңызды сұрақ Корпорация құрамында: Саят Бакиров бас директоры болып тағайындарған тау-кен өндірістік кешені және Ардагер Аринов бас директор болып тағайындалған байыту-өндірістік кешені құрылғандығы туралы ресми түрде хабарланды. Жиналыста таяу арадағы жететін өндірістік жетістіктер туралы айтылды.Компания , кен құрамынан мол көлемде мыс алу үшін,мыс кенін көбірек өңдеуге мүмкіндік беру үшін, байыту фабрикаларын қайта құру бағытында кең көлемді жұмыс жоспарлауда. Кен көлемі жеткілікті, тек Нұрқазған кенішінің өзі 2018 жылға дейін кен өндіруді төрт есеге дейін арттыруды, ал 2020 жылға жылына алты миллион тонна кен өндіруді жоспарлауда. Қазіргі кездегі ауыр экономикалық ахуал баршаңызға белгілі, валюта нарығындағы өзгерістер де аян, халықаралық нарықтағы мыс бағамы тағы да төмендеді.Бұндай кезеңде өз жұмысын тоқтатпаған компания ғана өмір сүреді, алға жылжиды. Біз де өз екпінімізді тоқтатпаймыз. Сөз соңында бас директор қатысушылардың сұрақтарына жауап берді. Осы күндері бұндай жиналыстар Жезқазған және Балқаш аймақтарында да өткізілді.



