Бұл сайт — «Қазақмыс» Тобының жалғыз ресми ресурсы. Басқа сайттарда жарияланған ақпарат үшін компания жауапты емес.

«Қазақмыс» Елбасының үндеуін қолдайды

Елбасы өзінің үндеуінде атап айтқандай, қазіргі таңда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен еліміздің Үкіметі коронавирустың  салдарынан пайда болған жаһандық пандемиямен күресу үшін барлық қажетті шаралар қабылдануда.  Сонымен қатар Тұңғыш Президент осы індетті «халықаралық экономикалық дағдарыс –  шикізат, валюта және қаржы нарықтарының құлдырауы ушықтыра түсуде» екенін де атап айтты. Сондықтан «Қазақмыстың» барлық еңбек ұжымдарының атынан біз Елбасының арнайы Республикалық қор құру, сондай-ақ облыс орталықтары мен республикалық маңызды қалаларда ұқсас қорлар құру туралы бастамасын қолдаймыз. Біз осындай ауыр кезеңде   кез келген көмек, сонымен қатар халқымыздың бірлігі мен ынтымақтастығы туған Қазақстанымыз үшін өте маңызды екенін түсінеміз. «Қазақмыс» пандемияға қарсы іс-қимыл және мемлекеттің экономикасын қолдау қорына  400 миллион теңге аударады. Қазақстан Республикасының азаматтарын, еліміздің барлық еңбек ұжымдарын  Қазақстан Республикасының Президенті Қ.-Ж.К. Тоқаев пен Үкімет тарапынан іске асырылып жатқан, эпидемиямен күресуге бағытталған шұғыл және төтенше шараларды қолдауға, әлеуметтік жауапкершілік танытып, қоғамымыздың біртұтастығын көрсетуге шақырамыз. «Қазақмыс» Тобы компанияларының еңбек ұжымы