Қауіпсіз өмір сүру, құқық бұзушылықтың алдын алу саласында Жезқазған, Сәтбаев, Балқаш қалалары мен Ұлытау ауданы тұрғындарының қауіпсіздігі үшін «Қазақмыс» 1,8 млрд теңге бағыттады
23.02.2022
Әлеуметтік жауапкершілік Холдинг өмірінде маңызды рөл атқарады. Аймақтардың тұрақты дамуына кешенді тәсілді жүзеге асыру және Қарағанды облысының әкімдігімен ұзақ мерзімді ынтымақтастық аясында қалаларда қауіпсіз өмір сүру, құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелеріне ерекше назар аудару туралы шешім қабылданды. Осы бастама аясында «Қазақмыс» корпорациясы полицияға азаматтардың қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртіпті сақтау қызметін мінсіз атқару үшін 68 жеңіл автокөліктер, автобустар сыйға тартты. Жезқазған, Балқаш қалаларында полицияға көліктерді салтанатты түрде тапсыру рәсімі өтті. Бұған дейін құқықтық тәртіп сақшыларына басқа да материалдық-техникалық көмек көрсетілді. Атап айтқанда: «2020 жылдан бастап «Қазақмыс» корпорациясы өзі жұмыс істейтін аймақтарда жүргізіліп жатқан әлеуметтік саясатты жүйелі түрде жүргізуге шешім қабылдады. Жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен бірлесе отырып, барлық саладағы жағдай жан-жақты зерделенді. Бірқатар зерттеулер мен әлеуметтік зерттеулер жүргізіліп, негізгі проблемалар айқындалып, «Жезқазған, Сәтбаев және Балқаш қалаларын және Ұлытау өңірін 2020-2025 жылдарға тұрақты дамыту бағдарламасы» әзірленді», - деді «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС-нің даму жөніндегі директоры Бақтияр Қырықпышев. Ол сондай-ақ, қажырлы, күнделікті және жанқиярлық қызметі үшін басшылық пен тәртіп сақшыларына алғысын білдірді. Қазақмыс компаниясы өз кәсіпорындарында өнеркәсіптік қауіпсіздік пен еңбекті қорғауды жақсарту үшін әлемдік озық тәжірибені пайдаланады және адамдардың өмір сүруіне және дамуына қолайлы, қауіпсіз өмір сүру үшін аймақтарда жайлы жағдай қалыптастыруға күш салуда. Бұл әрбір адамның болашағына жасалған қадам деп білген жөн. Компания үшін адами капиталды дамытып, жағдай жасау маңызды.



