Бұл сайт — «Қазақмыс» Тобының жалғыз ресми ресурсы. Басқа сайттарда жарияланған ақпарат үшін компания жауапты емес.

41 көп балалы отбасы \"Қазақмыс\" атынан пәтерлерге ие болды

Көп балалы отбасыларына пәтер сыйлау «Қазақмыс» компаниясы үшін игі дәстүрге айналды. Өткен жылы корпорация басшылығы төрт және одан көп бала тәрбиелеп отырған қызметкерлердің отбасыларына 10 пәтер бөлген болатын. Осы жылы 102 отбасы төрт, бес бөлмелі апартаментке, сондай-ақ бір жеке үйге ие болды. Бұнымен шектеу қойылмайды – осы жылы Жезқазған, Сәтбаев қалаларында, сондай-ақ Қарағанды және Балқаш өңірлерінде тұрып жатқан, «Қазақмыс» Тобы компаниялары жұмыскерлерінің 133 отбасы қоныс тойын тойлайтын болады. Жаңа қонысқа ие болған бақытты отбасылардың бірі - Сыздыковтардың отбасы. Отбасының отағасы Қуаныш Сыздыков «Қазақмыс» корпорациясында 26 жыл еңбек етуде. Оның ішінде 12 жыл бойы «Жезқазғантүстімет» ӨБ «Западный» кенішінде бункерші болып жұмыс істеді. Бұл отбасы бес бала тәрбиелеп отыр. Шахтердің айтуынша пәтерге ие болу ол үшін күтпеген қуаныш болған. "Кешегі күнге дейін мен бізге пәтер сыйға берілетінін білмедім. Бұл жаңалық мен үшін тосын сый болды. Мен өзімнің таң қалғанымды сөзбен жеткізе алмаймын. Бұған дейін біз менің ата-анамның қолында тұрдық, әрине ол жер бізге тарлау болды. Ал енді, «Қазақмыс» басшылығының арқасында біз барлық керек-жарағы бар, жөндеу жүргізілген, жиһазы мен техникасы бар жеке төрт бөлмелі пәтерге ие болдық. Осындай жомарт сыйлық үшін «Қазақмысқа» алғысымыз шексіз!" Көп балалы отбасыларына тұрғын үй беру бағдарламасы «Қазақмыс Холдинг» ЖШС, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің және Қарағанды облысы әкімдігінің басшылары арасында қол қойылған, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін дамыту туралы жасалған үшжақты меморандум аясында жүргізілуде. Пәтерлердің кілттерін «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Басқарма төрағасының орынбасары Әділет Барменқұлов және «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС даму жөніндегі директоры Бахтияр Крыкпышев табыстады. "Біздің алдымызға қойған мақсатымыз - қиын-қыстау кездерінде қызметкерлерімізді қиын жағдайға қалдырмау және оларға жан-жақты қолдау көрсету. Біздің компаниямыз әрқашанда әлеуметті жауапты компания болған, қазір де соны ұстанып, келешекте де жалғастыратын болады. Бүгін барлықтарыңызды қоныс тойымен құттықтап, отбасыларыңызға мықты денсаулық, бақыт және амандық тілеймін". «Қазақмыс» басшылығының айтуынша, келешекте компания аз қамтылған және көп балалы отбасыларды қоса алғанда, халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарына әлеуметтік көмек көрсетуді жалғастыратын болады.