Бұл сайт — «Қазақмыс» Тобының жалғыз ресми ресурсы. Басқа сайттарда жарияланған ақпарат үшін компания жауапты емес.

ҚБФ технологиялық сынақтарға дайындалуда

Құрамында дирекция, корпорация басшылығы және «Қарағандытүсті металл» ӨБ өкілдерінен құралған комиссия өндірістік цехтарды қарап шықты, кен қоймалары бар алаңдарды, жерүсті объектілерін: қалдық қоймасын және буландырғыш тоғанды аралап көрді. Мырыш концентратының сапасын арттыра отырып, Абыз кен орнының мыс-мырыш кенін қайта өңдеу бойынша фабрикада алда болатын технологиялық сынақтарды дайындау және іске асыру кезеңдері қаралды. Комиссия кенді қайта өңдеудің мырыш-пирит және мырыш циклдеріндегі жабдықтың техникалық жай-күйіне аудит және бағалау жүргізу, үш тауарлық концентратты алу арқылы технологиялық схема бойынша флотациялық қайта бөлуді толық сынамалау туралы шешім қабылдады. Осы жылдың мамыр айында «Новомэк Инжиниринг» және «Қазгидромедь» компаниялары мамандарының консультациялық және техникалық сүйемелдеуімен Абыз кен орнының мыс-мырыш кенін қайта өңдеуді өнеркәсіптік сынақтан өткізу жұмыстары басталады. Сынақтардан кейін мамандар байытудың жаңа технологиялық схемасын анықтау және өндіріске енгізу мақсатында ұсынымдар мен техникалық-экономикалық есептерді қамтитын есепті дайындайды. Өңдеу және байыту технологиялық процесінің сапасын жақсартуда ұнтақтау және флотациялау бөлімдеріне түсетін судың сапасы, сондай-ақ сүзу және шаю процестеріндегі айналымдағы судың сапасы маңызды рөл атқарады. Осыған байланысты, басшылық таза суды тұтынуды Орта Талды су жинағышынан тәулігіне талап етілетін 5400 м3-ге дейін арттыру жөнінде шешім қабылдады. Тиісті қызметтерге рұқсат құжаттарын ресімдеу және құбырларды жаңарту бойынша дайындық жұмыстарын ұйымдастыру жөніндегі іс-шараларды әзірлеу тапсырылды. Басқарма төрағасының бірінші орынбасары мен Компанияның техникалық директорының Қарағайлы өндірістік алаңын аралау нәтижесі бойынша байыту жұмысын жақсарту үшін фабрика басшылығы мен «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС құрылымдық бөлімшелерінің алдына қойылған өндірістік міндеттерді іске асыру жоспарлары мен іс-шаралары белгіленді.