Бұл сайт — «Қазақмыс» Тобының жалғыз ресми ресурсы. Басқа сайттарда жарияланған ақпарат үшін компания жауапты емес.

Үздіктерге бағдар

Аманжолдың екі жоғары білімі бар: көлік-жол және тау-кен ісі. Ол өз өмірін өндіріспен байланыстыруды саналы түрде таңдады, өйткені ол бала кезінен президент болуды армандады. Уақыт өте келе оның арманы мақсатқа айналды. «Мен Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың зауытта жұмыс істеп, осындай жолмен жүруді ұйғарғанының нақты мысалын көрдім. Өндірістегі жұмыс адамның мінезін шыңдайтынына сенімдімін. Мұнда нағыз достық пен ұйымшыл ұжым бар.Менің балалық шағым Қарағанды облысы Қарқаралы қаласында өтті. Мен қарапайым жұмысшы отбасынанмын: әкем – тракторшы, анам – медбике. Ата-анам маған әрқашан қоғам мен елге пайдалы болуды үйретті.Менің әйелім – іскер әйел – кондитерлік өнімдермен айналысады. Біздің екі керемет ұлымыз бар. Дәстүр бойынша ата-анаммен жеке үйде тұрамыз, өйткені мен жалғыз ұлмын. Біз тату-тәтті тұрамыз, бір-бірімізді әрдайым қолдаймыз» Аманжол Оразалинов дүкенде сатушы-кеңесші болып жұмыс істеді, бірақ оның уақытша екенін білді. Оқуын аяқтағаннан кейін кеніште жол жұмысшысы болып жұмыс істеді. 23 жасында Аманжолға осы учаскені басқаруды ұсынды. «Мен жауапкершіліктен қатты қорқатынмын, бірақ жақсы мағынада! Көптеген жылдар бойы корпорацияда жұмыс істеген әріптестердің қолдау сөздері көп көмектесті. Бұл мен үшін үлкен ынталандыру болды.Қазір мен дизель учаскесі бастығының орынбасармын. Мен жаңа шыңдарды бағындырғым келгендіктен осында ауыстым» Аманжолға дизель учаскесінде жұмыс істеудің бастапқы кезеңінде қиын болды: ол қиын мәселелерді шешіп, пайдалы болатынын дәлелдеуі керек еді. Қазіргі уақытта оның лауазымдық міндеттеріне жұмыстарды ұйымдастыру және учаскенің технологиялық құжаттамасын жүргізу, сондай-ақ қызметкерлердің әлеуметтік мәселелерін реттеу кіреді. «2014 жылы «Қазақмыс» корпорациясы» «Үздік маман» және «Үздік жобалық идея» атақтарына таланттар байқауын өткізді. Байқаудың 4000 қатысушысының ішінен біздің команда бас жүлдені жеңіп алды. «Қазақмыс» басқарма төрағасы Эдуард Огайдың қолынан 500 000 теңге көлемінде сертификаттар мен ақшалай сыйақы алдық. Мені корпорацияның кадрлық резервіне кіргізді» Аманжол Оразалинов – қоғамдық бірлестіктің төрағасы және туған қаласының қоғамдық жұмыстарымен айналысады. Ол қала тұрғындарының әлеуметтік мәселелерімен айналысады, сондай-ақ мүмкіндігінше мұқтаж отбасыларға азық-түлік жеткізуге көмектеседі. Аманжол белсенді демалысты ұнатады, балықшы және аңшы. Қарқаралы тауларында өскендіктен тауға шығып, сейіл құрғанды мен жорыққа шыққанды жақсы көреді. «Өндірісте жұмыс істейтіндердің күн тәртібі қатаң: ол түнгі ауысымның «ұшуын талдаудан» және алдағы күнге технологиялық үдерісті жоспарлаудан басталады. Тәртіп тиімдірек жұмыс істеуге көмектеседі. Біз өндіріс қарқынын белгілейміз.Егер бастық жалқау болса, онда өндіріс артта қалады, сондықтан біз ешқашан өзімізді әлсіретпейміз. Әрқашан жоғары мақсаттар қою керек және берілмеу керек. Кез келген басқа саладағыдай, мақсатқа ұмтылу, ынталану және тәртіп адамды жетістікке жетелейді.«Қазақмыстың» ортақ ерекшелігі – ұйымшылдық пен командалық рух. Дәл осы себепті біз әрқашан басқалардан алда боламыз. Білмеймін, мүмкін мен тым қатал шығармын, бірақ мен ұжымдағы тәртіпті бағалаймын. Тек тәртіпті ұжым жоспарлы көрсеткіштерді орындап, оларға қауіпсіз жолмен – жарақатсыз және жазатайым оқиғаларсыз қол жеткізе алады» Дереккөз: nur.kz