Басты назарда – экология мәселелері
24.09.2020
Дөңгелек үстелде қоршаған
ортаға ластағыш
заттар эмиссиясынан онкологиялық аурулар статистикасына дейінгі кең ауқымды
мәселелер көтерілді. «Жезқазған мыс балқыту зауыты бойынша 2018-2022 жылдарға экологиялық тиімділікпен қос байланысудың озық технологиясын қолдана отырып, жаңа күкірт қышқылы цехын салу және іске қосу жоспарланған. Бұл күкірт диоксидінің шығарындыларын 40 мың тоннаға азайтуға көмектеседі» «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС атынан талқылауға басқарма төрағасының
орынбасары, «Kazakhmys Smelting (Қазақмыс Смэлтинг)» ЖШС Бас директоры Адилет
Барменкулов қатысты. Ол жиналғандарға «Қазақмыс» жұмыс істейтін өңірлердегі
экологиялық жағдайды жақсарту үшін компания қабылдап жатқан шаралар туралы, жыл
сайын осы мақсаттарға жұмсалатын миллиард теңге және осы саладағы негізгі
мәселелерді шешу үшін қажет болатын уақыт туралы хабарлады. Кездесу соңында спикерлер экобелсенділердің сұрақтарына жауап берді.
Ахметжан Примкулов аймақ басшыларына Балқаш пен Жезқазғандағы экологиялық
жағдайды жақсарту бойынша жол картасын әзірлеуді ұсынды. Вице-министрдің
айтуынша, бұл жекелеген қалалардағы ең өткір мәселелерді тиімді шешуге
көмектеседі және олардың тұрғындарына көп пайда әкеледі.



