Бұл сайт — «Қазақмыс» Тобының жалғыз ресми ресурсы. Басқа сайттарда жарияланған ақпарат үшін компания жауапты емес.

Атаулы көмекті алғашқы алушылар

Жұмыскерлерге аталған материалдық қолдау компанияның корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігі шеңберінде тұрақты негізде көрсетілетін болады. «Қазақмыс» Тобы компанияларының аз қамтылған жұмыскерлеріне атаулы әлеуметтік көмек көрсету тәртібі» ұйым стандарты қолданысқа енгізілген сәттен бастап жұмыскерлерден шамамен 1700 өтініш келіп түсті, оларды арнайы комиссия жеке тәртіпте қарады. Қарау нәтижелері бойынша ағымдағы жылдың үшінші тоқсанында салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді шегере отырып, 92 млн.теңгеден астам сомада 1540 жұмыскерге көмек төлемдерін жүргізу туралы шешім қабылданды. Келесі төлем 2020 жылдың төртінші тоқсаны аяқталғаннан кейін жүргізіледі. Атаулы көмек пандемиямен байланысты емес және бір реттік акция емес. Бұл компания жұмыскерлерін қолдауға бағытталған және тұрақты негізде жұмыс істейтін әлеуметтік бағдарламаның бөлігі. Кеңес алу үшін және атаулы көмек алуға өтінім беру үшін компанияның персонал қызметіне жүгіну қажет. Бағдарлама туралы барлық ақпарат кәсіпорындардың ақпараттық стендтерінде, сондай-ақ Қазақмыс компаниясының ресми сайтында және әлеуметтік желілерінде орналастырылған. Атаулы көмекке кім үміттене алатыны, оның қалай есептелетіні және неден құралғаны туралы толық ақпаратты мына сілтеме арқылы білуге болады.

Смотрите также

Қазақмыс төрт айдың қорытындысын шығарды: қауіпсіздік күшейіп, геология қарқыны еселенуде, инвестиция көлемі рекордтық деңгейге жетті
18.05.2026
Қазақмыс төрт айдың қорытындысын шығарды: қауіпсіздік күшейіп, геология қарқыны еселенуде, инвестиция көлемі рекордтық деңгейге жетті
«Қазақмыс» өндірістік алаңдарында қызметкерлерге арналған тұрмыстық инфрақұрылым жаңартылып жатыр
16.05.2026
«Қазақмыс» өндірістік алаңдарында қызметкерлерге арналған тұрмыстық инфрақұрылым жаңартылып жатыр
Қазақмыс өндірістік қажеттілік үшін меншікті генерация көздерін құру мүмкіндігін қарастыруда
16.05.2026
Қазақмыс өндірістік қажеттілік үшін меншікті генерация көздерін құру мүмкіндігін қарастыруда