Халықаралық ынтымақтастықты кеңейту
25.03.2019
Тараптар инновациялық қызметтегі ынтымақтастықты дамытуға қызығушылық білдірді. KIGAM әзірлеген кейбір инновациялық технологиялар таныстырылып, оларды іске асыру, атап айтқанда мыстан күшәла (мышьяк) айыру мәселелері талқыланды. «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС техникалық директоры Саят Бәкіров бастаған екінші делегация Ресей Федерациясына барып қайтты. Олар Мәскеуде жыл сайын ҰЗТУ «МБЖҚИ» (Ұлттық зерттеу технологиялық университеті «Мәскеу болат және қорытпалар институты») ұйымдастыратын «Кеншілер аптасы» атты XX VII Халықаралық ғылыми симпозиумға қатысты. Екатеринбургте делегация осы аймақтағы жетекші ЖОО саналатын Борис Ельцин атындағы Орал Федералды Университетінде болды. Сапар мақсаты – институттың техникалық мүмкіндіктерімен танысу және ХИӨК (Халықаралық инновациялық-өндірістік консорцикум) “R&IID”консорциумы арқылы ғылым және білім беру саласындағы өзара тиімді ынтымақтастықтың бағыттарын талқылау. Атап айтқанда, ХИӨК “R&IID” мүшелерінің «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС кәсіпорындарында технологиялық аудит жүргізу мәселесі қаралды. Оның нәтижесі бойынша әрі қарайғы іс-әрекет жоспары анықталмақ.



