Қашықтықтан білім берудің қол жетімділігін қамтамасыз ету
26.08.2020
Бүгін, оқу жылының қарсаңында, Қарағанды облысының үш қаласында - Жезқазған, Сәтпаев және Балқашта - «Қазақмыс» компаниялар тобынан 922 ноутбукті қалалық білім беру мекемелеріне өтеусіз беру рәсімі өтті. Қайырымдылық акциясының жалпы сомасы шамамен 190 миллион теңгені құрады. Ноутбуктер білім беру сапасын жақсарту мақсатында әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылардың балаларына және ішінара компьютерлері жоқ мұғалімдерге қашықтықтан білім берудің қол жетімділігін қамтамасыз етуге арналған және олар аумақтық білім бөлімдерінің ұсынысы бойынша таңдалды . Сонымен қатар, қолдауға мұқтаж 201 отбасы үшін жоғары жылдамдықты Интернетке қол жеткізу үшін роутерлер сатып алынды. Бұл қайырымдылық акциясы алдағы оқу жылында оқудың үздіксіздігін арттыруға, сандық теңсіздікті азайтуға және балалардың сапалы білімге толық қол жетімді болуына бағытталған. Жалпы алғанда, үш қала бойынша жаңа оқу жылына 37 мыңнан астам оқушы келеді, оның ішінде 5429 бала компьютерлерге мұқтаж. Оргтехника республикалық және жергілікті бюджет қаражаты есебінен, сондай-ақ демеушілік қаражатты тарту арқылы, «Қазақмыс» компаниясының қатысуымен сатып алынады.



