Бұл сайт — «Қазақмыс» Тобының жалғыз ресми ресурсы. Басқа сайттарда жарияланған ақпарат үшін компания жауапты емес.

Kazakhmys Smelting (Қазақмыс Смэлтинг) \"ЖШС Бас директорының құттықтауы

Сіздерді Жаңа 2022 жылмен шын жүректен құттықтаймын! Бұл ерекше мерекені барлығы жақсы көреді – жасына және мамандығына қарамастан. Ол әрқайсымызда арман мен үміт тудырады, қуаныш пен жақсы көңіл-күй сыйлайды. Егер компаниямыздың болашағы туралы айтатын болсақ, онда біз қала құраушы кәсіпорындардың мәртебесін мақтанышпен көтеріп, жоғары сапалы өнім шығаруды жалғастырамыз, әрбір жұмысшымыздың, Балқаш және Жезқазған өңірлері тұрғындарының өмір сүру деңгейі мен әл-ауқатын арттырамыз. Осының бәрін сақтап, қауіпсіз болашақ құру үшін 2022 жыл еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жылы деп жарияланды. Біз бұл қадам үшін жауапкершіліктің тереңдігін және атқарылатын орасан зор жұмыстың деңгейін түсінеміз. Жаңа 2022 жылы барлық еңбек ардагерлеріне – денсаулық, сергектік және қуат, ал "Қазақмыс Смэлтинг" ЖШС-нің  еңбеккерлеріне – табысты және жемісті жұмыс, отбасына амандық, қуаныш пен жақсылық тілеймін. 2022 жыл күнтізбенің бірінші бетін батыл ашып, алдағы жылды бұдан да мазмұнды, белсендірек, қызықтырақ, өмірімізді және бізді қоршаған әлемді жақсартуға ерекше құштарлықпен және ұмтылыспен өмір сүруге деген ынта-ықыласымызға бірлік тілейік! Жаңа жыл құтты болсын, қымбатты достар! "Қазақмыс Смэлтинг" ЖШС Бас директоры Нұрахмет Нуриев

Смотрите также

«Qauipsizdik Start» бағдарламасы арқылы «Қазақмыс» қауіпсіздік мәдениетін дамытуды жалғастыруда
25.05.2026
«Qauipsizdik Start» бағдарламасы арқылы «Қазақмыс» қауіпсіздік мәдениетін дамытуды жалғастыруда
Қазақмыс Қытайдағы металлургия және энергетика салаларының озық технологияларын зерттеуде
24.05.2026
Қазақмыс Қытайдағы металлургия және энергетика салаларының озық технологияларын зерттеуде
Қазақмыс жұмыскерлер мен олардың отбасын қолдау бағдарламаларын кеңейтуде
22.05.2026
Қазақмыс жұмыскерлер мен олардың отбасын қолдау бағдарламаларын кеңейтуде