Бұл сайт — «Қазақмыс» Тобының жалғыз ресми ресурсы. Басқа сайттарда жарияланған ақпарат үшін компания жауапты емес.

\"Кazakhmys Holding (Қазақмыс Холдинг)\" ЖШС Директорлар кеңесі төрағасының құттықтауы

Өткен жыл біз үшін маңызды оқиғалар мен жетістіктерге толы болды. Бұл-техниканы түбегейлі жаңарту, жаңа өндірістік жобалар мен озық технологияларды игеру, жаңа құрылыстар салу. Күн сайын біз өндірістік көрсеткіштерді арттыруға, өндірісті жаңғыртуға және қызметкерлеріміздің еңбек жағдайларын жақсартуға ұмтыламыз. "Қазақмыс" кәсіпорнында қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау басым бағыттар болып қала береді. Біз  күш-жігеріміз бен инвестицияларымызды барынша қауіпсіз жұмыс орындарын ұйымдастыруға, персоналды оқытуға және қауіпсіз еңбек өндірісі мәдениетін дамытуға бағыттаймыз. Біз қызметкерлерге жұмыс орнында ғана емес, сонымен қатар кәсіпорындарда  қолайлы өмір сүру жағдайын жасаймыз. Алға қойған биік мақсаттарға қол жеткізу "Қазақмыс" қызметкерлерінің нәтижелі еңбегі мен үйлесімді жұмысының арқасында мүмкін болды. Жаңа жобаларды іске асыруға және 2021 жылға арналған  өндірістік көрсеткіштерді орындауға әрқайсыңыз үлес қостыңыз. Мен біздің мыңдаған ұжымымызға атқарған жұмыстары, компанияның дамуы мен өркендеуіне қосқан үлесі үшін алғыс айтқым келеді. Сіздерге және отбасыларыңызға амандық, денсаулық және көтеріңкі көңіл-күй тілеймін! "Кazakhmys Holding" ЖШС  Директорлар кеңесінің төрағасы  Эдуард ОГАЙ

Смотрите также

Қазақмыс жұмыскерлері «Мөлдір бұлақ» акциясы аясында су айдындарының жағалауын тазартты
30.05.2026
Қазақмыс жұмыскерлері «Мөлдір бұлақ» акциясы аясында су айдындарының жағалауын тазартты
Қазақмыста үздік электргазбен дәнекерлеушілер анықталды
30.05.2026
Қазақмыста үздік электргазбен дәнекерлеушілер анықталды
Қазақмыс пен Mercuria стратегиялық ынтымақтастықты кеңейтуде: Астанада халықаралық топтың өңірлік кеңсесі ашылды
29.05.2026
Қазақмыс пен Mercuria стратегиялық ынтымақтастықты кеңейтуде: Астанада халықаралық топтың өңірлік кеңсесі ашылды