Бұл сайт — «Қазақмыс» Тобының жалғыз ресми ресурсы. Басқа сайттарда жарияланған ақпарат үшін компания жауапты емес.

Басқару шыңын бағындыру

Бағдарламаның он тоғыз түлегі өткенге көз жүгіртіп, екі жыл бойы оқыптоқыған білімдерін еске түсіріп, алған дағдылары мен білімдерін тақырыптық ойын форматында көрсетуі тиіс еді. Бағдарламаның түлектері – жан-жақты дарынды шығармашылық тұлғалар. Мысалы, басқару шыңын бағындыру процесінде музыкалық аялдауды ұйымдастыру олар үшін өте қарапайым, алайда қалаулы және қызықты тапсырма болды. Іс-шараның соңғы бөлімінде бағдарлама түлектері марапатталып, корпоративтік кәдесыйлар табысталды, бағдарламаның атаулы тәтті торты отшашумен салтанатты түрде шығарылып, топтар жеңістерін мерекеледі. Оқуды бітіру кешін ұйымдастыру үшін барлық мүдделі қатысушылардың қауіпсіз қатысуын қамтамасыз ету бойынша алдын-ала дайындық жұмыстары жүргізілгенін айта кеткен жөн. Ал іс-шара барысында санитарлықэпидемиологиялық нормалар мұқият сақталды. Бір сөзбен айтқанда, басқару шыңы бағындырылды! Директорлар мектебін дамыту бағдарламасы туралы толығырақ

Смотрите также

Қазақмыс қызметкерлердің балалары үшін жазғы демалыс маусымын ашты
09.06.2026
Қазақмыс қызметкерлердің балалары үшін жазғы демалыс маусымын ашты
Олжас Бектенов Қазақмыстың қолдауымен жүзеге асырылып жатқан жоғары технологиялық медициналық жобамен танысты
08.06.2026
Олжас Бектенов Қазақмыстың қолдауымен жүзеге асырылып жатқан жоғары технологиялық медициналық жобамен танысты
Қазақмыс Жезқазғандағы Балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілері үшін мерекелік акция ұйымдастырды
05.06.2026
Қазақмыс Жезқазғандағы Балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілері үшін мерекелік акция ұйымдастырды