Заманауи стандарттар бойынша
23.09.2020
Зертхана талдамалық зерттеулерді орындау
сапасына, сондай-ақ қоршаған ортаны және қызметкерлердің денсаулығын қорғауға
қойылатын заманауи салалық стандарттарға сәйкес құрылған. Бұл жаңа нысан өндірістік
алаңда Балқаш байыту фабрикасы, Балқаш мыс балқыту зауыты және «Kazakhmys Barlau» ЖШС үшін сынамаларды дайындау және
талдамалық зерттеу бойынша белсенді қызмет көрсетуге кірісті. Зертханада жан-жақты
жұмыс істеу үшін кеңейту мүмкіндігімен жылына 100000 және 140000 сынамаға дейінгі
өнімділікпен AAS және ICP аспаптық талдау сынамаларын дайындаудың жоғары өнімді
бөлімшелері бар. Сондай-ақ, өнімділігі
жылына 80 000 сынамаға дейінгі сынамалық талдау бөлімшесі және одан әрі кеңейту
мүмкіндігі бар өнімділігі жылына ұқсас «дымқыл» химия бөлімшесі бар. Талдауларды
жүргізудің ашықтығын қамтамасыз ету, сондай-ақ талдамалық деректерге араласуды барынша
азайту мақсатында барлық зертханалық үдерістер LIMS ақпаратты өңдеудің зертханалық жүйесінің
бақылауында болады.


