Бұл сайт — «Қазақмыс» Тобының жалғыз ресми ресурсы. Басқа сайттарда жарияланған ақпарат үшін компания жауапты емес.

ТАРИХИ МҰРАҒА ҚҰРМЕТ

Алтын Сарыарқаның бай мұрасымен танысу аясында Андрей Гайдин Жезқазған қаласының әкімі Қайрат Әбсаттаровпен, сондай – ақ ақсақалдар мен еңбек ардагерлерімен бірге "Жошы хан"тарихи-мәдени кешенінде болды. "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС Басқарма төрағасының бірінші орынбасарына Жошы хан кесенесі, мұражай, Жошы хан ескерткіші, шатырлы қалашық және қонақүйді қамтитын кешенде пайдаланылған құнды экспонаттар мен заманауи технологиялық орналасқан кешендер көрсетілді. Жошы хан кесенесі Xll-Xlll ғасырлар сәулет өнерінің символы болып табылады. Тарихшылар оны Моңғолияға дейінгі кезеңдегі Қазақ сәулет өнерінің ең атақты және маңызды ескерткіштерінің бірі деп санайды. Шежірешілердің пікірінше, ежелгі тарихи ескерткіштер бүгінгі күнге дейін сақталған қазақтардың мәдени мұрасының рухани ғибадатханалары болып табылады. Сондай-ақ, жоғары делегация Ұлытау ауданындағы Алаш хан кесенесі мен Қазақстан халқының бірлігі мен достығы монументіне барды. Өндіріс істерге ғана емес, ой-өрісі кең тұлға ретінде Андрей Гайдин көргендеріне жоғары баға беріп, қазақстандықтардың келешек ұрпақтары үшін халықтың бай рухани мұрасын сақтау қажеттілігі туралы айтты. Қазақстанда барлығы 10 мәдени-тарихи орын бар, оларға деген қызығушылық күннен күнге артып келеді.

Смотрите также

«Қауіпсіздік жоспардан маңызды»: Қазақмыстағы Safety Stand Down жобасы жаңа кәсіпорындарды қамтыды
13.05.2026
«Қауіпсіздік жоспардан маңызды»: Қазақмыстағы Safety Stand Down жобасы жаңа кәсіпорындарды қамтыды
Қазақмыс жерасты жұмысындағы қауіпсіздікті күшейту үшін аккумуляторлы техниканы сынақтан өткізуде
12.05.2026
Қазақмыс жерасты жұмысындағы қауіпсіздікті күшейту үшін аккумуляторлы техниканы сынақтан өткізуде
Құрметті отандастар!
09.05.2026
Құрметті отандастар!