Қарағайлы 70 жыл
18.07.2022
Алайда,
КСРО ыдырағаннан кейін КБК жұмысы тоқтатылды, халық жұмыссыз қалды және
біртіндеп басқа қалаларға
қоныстанды.
2003-2006 жылдары «Қазақмыс»
комбинатты өз меншігіне алып, «Құсмұрын», «Ақбастау» және «Абыз» кен
орындарынан мыс-мырыш кендерін өңдеуге арналған фабриканы қайта жаңғырту ауданның дамуына жаңа
өмір сыйлаған барлық айтулы жылдар болды. Осы
күнге дейін Қарағайлы байыту фабрикасы ауданның ең ірі кәсіпорны болып қалыптасты. Қарағайлы кентінің тұрғындарына ғана емес, сонымен қатар бүкіл
аудан халқына фабриканың өзінде де, жақын маңдағы кеніштерде де жұмыс орындарын
ұсына отырып, жұмыспен қамтыды. Салтанатты іс-шаралар кенттің ардагерлерін, оның негізін
қалап, өз еңбегімен өңірдің дамуына негіз болған ардагерлерді құрметтеуден басталды. Бұл
тізімде ондаған есімдер бар. Атап айтқанда, Камария Әлкенқызы Жұманова, Рая
Төлегенқызы Кәрірбаева, Айтжан АйтжанұлыТазалы, Жүкен Жұмабекұлы Нұралин және
басқалар. Бұл аға буынға Қарқаралы
ауданының, Қарағайлы байыту фабрикасының басшылығынан және өңірдің басқа да ірі
жұмыс берушілерінен естелік мерейтойлық медальдар табыс етілді. Мерекеге Қарқаралы ауданынан көптеген қонақтар жиналды,
ұлттық спорт түрлері: көкпар, бәйге, қазақша күрес бойынша өткен чемпионатқа қатысу үшін Қарағанды,
Саран, Шахтинск қалаларының өкілдері де болды. Кент тауларының әсем көрінісі аясында кентке жақын жерде
қырықтан астам киіз үйі бой көтеріп, мерекелік ауыл қонақтарды құшақ жая қарсы
алды. «Мерекеде қонақтарға фабриканың асхана мен басқа да
Карағайлы байыту фабрикасы құрылымдарының
қызметкерлері қызмет көрсетуде. Біз барлық қонақтарымыздың көңілінен
шығуға тырысамыз»,- дейді фабриканың
персонал қызметінің бастығы Ұмсынай Тыныбекова. Мереке үш спорт түрінен жүлделі орындарға ие болған жеңімпаздарды марапаттаумен аяқталды. Қазақша
күрестен жеңімпаз атанған фабриканың бас
инженері Ұлан Тоқановтың қолынан жаңа «Киа» кілтін тапсырумен салтанатты шара
шарықтау шегіне жетті.



