Құрметті әріптестер!
05.05.2022
Биыл бұл күн
Тәуелсіз Қазақстанның қарулы күштерінің құрылғанына 30 жыл толғанына
тұспа-тұс келіп тұр. 1992 жылы 7 мамырда еліміздің тұрақтылығының, оның
аумақтық тұтастығы мен әскери қауіпсіздігінің кепіліне айналған Ұлттық Қарулы
Күштерді құру туралы Жарлыққа қол қойылды. Дәстүр бойынша бұл күні барша қазақстандық ер азаматтарға
жылы лебіздер айтылады. Бұл күш пен ерліктің,
тектілік пен намыстың, өз Отанына деген зор сүйіспеншілік пен шынайы
патриотизмнің мерекесі. Нағыз патриоттық сезім Отаныңа, отбасыңа, ата-анаңа,
бала-шағаңа деген сүйіспеншілік пен адал да игілікті еңбектен бастау алады.
Қазақмыс тобындағы ер азаматтар Отан алдындағы борышын өтей отырып, өз адал
еңбегі мен жоғары кәсібилігін танытып, алып компанияның жоспарлары мен
мақсаттарын жүзеге асыруға, мемлекетіміздің нығаюына атсалысуда. Ардақты
азаматтар! Отан қорғаушылар
күнімен құттықтауымызды қабыл алыңыздар! Сіздерге шын жүректен табандылық,
батылдық пен игілік әрқашан серік болсын! Құрметпен, «Қазақмыс» компаниялар тобының Директорлар
кеңесі және басшылық құрамы.


