Бұл сайт — «Қазақмыс» Тобының жалғыз ресми ресурсы. Басқа сайттарда жарияланған ақпарат үшін компания жауапты емес.

Жөндеу - механикалық мамандандырылған басқармасына 55 ЖЫЛ

Бүгінгі күні осы басқарманың тау-кен-шахта, байыту және металлургия жабдықтарын күрделі және ағымдағы жөндеуді орындауға маманданған 1400 қызметкері бар. Кәсіпорынның өндірістік учаскелері Жомарт кенішін, мыс балқыту зауытын, №1 және №2 Жезқазған байыту фабрикаларын қоса алғанда, "Жезқазғантүстімет" ӨБ барлық кеніштерінде орналасқан. ЖММБ-ның 55 жылдық мерейтойына орай басқарманың үздік қызметкерлеріне құрмет көрсетілді. Бұл айтулы оқиға Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеумен тұспа-тұс келді. Мерейтой аясында ЖММБ қызметкерлері "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС Басқарма төрағасы Эдуард Огайдың, "ЖТМ" ӨБ директоры Бауыржан Баймұхановтың, "Nur Otan" партиясының Қарағанды филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Шингисовтың, "Кәсіп қорған" және "Jastar Bolashag"кәсіподақ ұйымдарының өкілдері атынан Құрмет грамоталарымен марапатталды. Мерекеге жиналған басшылық пен қонақтар жұмысшылардың еңбегін жоғары бағалап, металлургия саласының дамуына қосқан маңызды үлесі үшін ризашылықтарын білдірді.

Смотрите также

«Қазақмыс» өндірістік алаңдарында қызметкерлерге арналған тұрмыстық инфрақұрылым жаңартылып жатыр
16.05.2026
«Қазақмыс» өндірістік алаңдарында қызметкерлерге арналған тұрмыстық инфрақұрылым жаңартылып жатыр
Қазақмыс өндірістік қажеттілік үшін меншікті генерация көздерін құру мүмкіндігін қарастыруда
16.05.2026
Қазақмыс өндірістік қажеттілік үшін меншікті генерация көздерін құру мүмкіндігін қарастыруда
Қазақмыс өндірісте цифрлық мониторингті дамытуды жалғастырады
15.05.2026
Қазақмыс өндірісте цифрлық мониторингті дамытуды жалғастырады