Бұл сайт — «Қазақмыс» Тобының жалғыз ресми ресурсы. Басқа сайттарда жарияланған ақпарат үшін компания жауапты емес.

Құрметті әріптестер!

Құрметті әріптестер! Сіздерді Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтаймын! Біз, «Қазақмыс Смэлтинг»  ЖШС металлургтері, көпұлтты ұжымымыздың жетістіктеріне қуанып, бұл мемлекеттік мерекені жылда ерекше  қарсы аламыз. Біздің компанияда әртүрлі ұлт пен сенімдегі адамдар бір-біріне құрмет пен қолдау білдіріп, табысты еңбек етуде. «Қазақмыс Смэлтинг»  ұжымы үшін бірлік, достық және келісім деген сөздердің маңызы айрықша. Біздің барлық жетістіктеріміз бен жеңістеріміздің берік іргетасы  – халықтың бірлігі мен ынтымағы. Қазақстанхалқыныңбірлігікүні – қазақстандық патриотизмнің, елімізге, халқымызға деген адалдықтың, ата-бабаларымыз қорғаған жерге деген риясыз сүйіспеншіліктің мерекесі. Бейбіт, тыныш өмір сүрудің басты шарты –  халықты бірлігін сақтау, оның билігін нығайту, бір-бірін түсініп, қолдау көрсету.  Бірлікте, достық пен өзара сыйластықта ғана ұлы ортақ үйіміз – Қазақстан Республикасының шынайы байлығы мен берекесі арта түседі. Осы тамаша көктем мерекесінде сіздердің отбастарыңызға  амандық, денсаулық тілеймін! Құрметпен, «Kazakhmys Smelting (Қазақмыс Смэлтинг)» ЖШС Бас директоры Нұрахмет Нұриев.

Смотрите также

Қазақмыс қытайлық инжинирингтік компаниялармен жаңа күкірт қышқылы цехының құрылысын талқылауда
25.05.2026
Қазақмыс қытайлық инжинирингтік компаниялармен жаңа күкірт қышқылы цехының құрылысын талқылауда
«Qauipsizdik Start» бағдарламасы арқылы «Қазақмыс» қауіпсіздік мәдениетін дамытуды жалғастыруда
25.05.2026
«Qauipsizdik Start» бағдарламасы арқылы «Қазақмыс» қауіпсіздік мәдениетін дамытуды жалғастыруда
Қазақмыс Қытайдағы металлургия және энергетика салаларының озық технологияларын зерттеуде
24.05.2026
Қазақмыс Қытайдағы металлургия және энергетика салаларының озық технологияларын зерттеуде