Бұл сайт — «Қазақмыс» Тобының жалғыз ресми ресурсы. Басқа сайттарда жарияланған ақпарат үшін компания жауапты емес.

Құрметті әріптестер!

Құрметті әріптестер! Сіздерді 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл біз үшін ең ерекше мемлекеттік мерекелердің бірі. Бір шаңырақтың астында ұлтаралық татулықты сақтап, көпұлтты мемлекетімізді мекендейтін халықтар үшін ерекше қымбат күн. Бұл күн барлық қазақстандықтардың достық, бірлік және жасампаздық күні болып саналады. Қазақстанның Тәуелсіздігі – бұл барлық отандастарымыздың ұлтына және дініне қарамастан, олардың ұлы және мызғымас достығының нәтижесі екені сөзсіз. Осы мереке күні сіздерге денсаулық, бақыт, бейбітшілік пен көтеріңкі көңіл-күй тілеймін! «Kazakhmys Barlau» ЖШС Бас директоры Ғ. Ж. Нұржанов.

Смотрите также

«Қазақмыс» өндірістік алаңдарында қызметкерлерге арналған тұрмыстық инфрақұрылым жаңартылып жатыр
16.05.2026
«Қазақмыс» өндірістік алаңдарында қызметкерлерге арналған тұрмыстық инфрақұрылым жаңартылып жатыр
Қазақмыс өндірістік қажеттілік үшін меншікті генерация көздерін құру мүмкіндігін қарастыруда
16.05.2026
Қазақмыс өндірістік қажеттілік үшін меншікті генерация көздерін құру мүмкіндігін қарастыруда
Қазақмыс өндірісте цифрлық мониторингті дамытуды жалғастырады
15.05.2026
Қазақмыс өндірісте цифрлық мониторингті дамытуды жалғастырады