Бұл сайт — «Қазақмыс» Тобының жалғыз ресми ресурсы. Басқа сайттарда жарияланған ақпарат үшін компания жауапты емес.

«Жасыл ойындар»: Балқаштың 500 оқушысы спорт пен қалаға деген қамқорлықты ұштастырды

Балқашта Қазақмыс ұйымдастырған «Жасыл ойындар» акциясы өтті. Оған 5-8 сыныптардың 500-ге жуық оқушысы қатысып, сенбілікке және спорттық жарысқа атсалысты.

Күн мектеп аумағын абаттандырудан басталды. Екі сағат бойы оқушылар қоқыс жинап, аулаларды ретке келтірді. «Жасыл ойындардың» экологиялық бағыты тазалық мәдениетін қалыптастыруға және қоршаған ортаға ұқыпты қарауға бағытталған «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасының мақсатымен үндеседі.

Сенбіліктен кейін қатысушылар спорт алаңына жиналып, футбол мен волейболдан өткен турнирге қатысты. Командалар медаль мен кубок үшін бақ сынасты. Барлық қатысушылар Қазақмыстан спорттық киім, сөмке және арнайы құрал-жабдық алды.

«Жасыл ойындар» екі бағытты — экологиялық тәрбие мен спортты біріктіреді. Бірлескен жұмыс пен жарыс арқылы оқушылар командалық рухын шыңдап қана қоймай, өз қаласы мен қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауды үйренеді.

2026 жылы акция «Қазақмыс» компаниясы жұмыс істейтін барлық өңірде — Жезқазған, Балқаш, Сәтбаев, Шу және Қарқаралы қалаларында өтуде. Жалпы, «Жасыл ойындарға» 2 620 оқушы қатысуда. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,5 есе көп.

Қазақмыстың әлеуметтік жобаларының негізгі бағыттарының бірі — компания жұмыс істейтін өңірлердегі балалар мен жастардың бастамаларын қолдау. Компания жастарды спортқа, қоғамдық өмірге және қоршаған ортаға қамқорлық жасауға тартатын жобаларға басымдық береді.