Бұл сайт — «Қазақмыс» Тобының жалғыз ресми ресурсы. Басқа сайттарда жарияланған ақпарат үшін компания жауапты емес.

Қауіпсіздікті жеке мысалмен ұйымдастырамыз

Холдингте мұндай іс-шара екінші рет өткізіліп отыр және ұйымдағы жарақаттану мен апаттылық деңгейін төмендету үшін кәсіпорын қызметкерлерінің жетістіктерін атап өткен жөн. Іс-шарада «Қазақмыс Холдинг» Директорлар кеңесі жанындағы ӨҚ және ЕҚ Комитетінің төрағасы Максим Комель алғы сөз сөйледі, ол Топтың қауіпсіздік көрсеткіштері бойынша табысты нәтижелерін атап өтті және өзгерістерді іске асыруға белсенді қатысқандардың барлығына алғысын білдірді. «Үлкен жол жасалды, біз қауіпсіздік көрсеткіштері бойынша ТМД-дағы ең үздік тау-кен металлургия компаниялары деңгейінде тұрмыз деп сеніммен айта аламыз. Нөлдік жарақаттанушылыққа ұмтылуда бізді жаңа міндеттер күтіп тұр, бірақ әріптестеріміздің жетістіктерін атап өту қажет, олар күнделікті жұмысында жеке үлгісімен еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды ұйымдастыруға тартылғанын көрсетті» Өз кезегінде, DuPont Sustainable Solutions («Қазақмыс» Тобының өндірістік қауіпсіздік және еңбекті қорғау жөніндегі серіктесі) жобаларының директоры Дмитрий Кондрашин ӨҚ және ЕҚ дербес басқару жүйесін дамытудың алдағы перспективалары және 2021 жылға арналған жоспарлар туралы айтып берді. «Қауіпсіздік сағаты» кезінде кәсіпорын басшылары қауіпсіздік пен еңбекті қорғауды басқару жүйесін дамытуға ерекше үлес қосқан қызметкерлерді марапаттады. «Қазақмыс» Тобындағы жарақаттануды азайту конкурсының қорытындысы бойынша ең көп дауыс жинаған үздік бастамалардың авторлары мақтау қағаздары мен кәдесыйлар алды. Қауіпсіздік саласындағы бастамаларды таңдау бойынша дауыс беруге барлығы 16 000-нан астам адам қатысты. Үздік болғандар: «ӨҚ және ЕҚ стандарттарын орындау мәдениеті мен тәртібі үшін» номинациясы бойынша марапаттарға ие болғандар: