Бұл сайт — «Қазақмыс» Тобының жалғыз ресми ресурсы. Басқа сайттарда жарияланған ақпарат үшін компания жауапты емес.

«Жайсаң» кенішінде жеміс ағаштарының көшеттері отырғызылды

«Қазақмыс» компаниялар тобы өз кәсіпорындары мен өндіріс нысандары орналасқан қалаларды көгалдандыруды үнемі жүзеге асырады. Осылайша, компания өңірлердің экологиялық жағдайын жақсартуға өз үлесін қосуда. Ағаш отырғызудан басқа, «Қазақмыс» қоршаған ортаға эмиссияларды қысқартуға көп көңіл бөледі. Ол үшін тазарту жабдықтарын жаңғырту бойынша және ластаушы заттар шығарындыларына үздіксіз мониторинг жүргізіледі, уәкілетті мемлекеттік органдарда қоршаған ортаны қорғау жөніндегі бағдарламалар мен іс-шаралар жоспарлары әзірленеді және келісіледі. Бұл жұмыстардың барлығы компания кәсіпорындарында экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жүргізіледі. Өйткені,»Қазақмыстың»  басты мақсаттарының бірі — технологиялық циклдің барлық кезеңдерінде өндірістердің қоршаған ортаға әсерін дәйекті түрде азайту. Компания Қазақстан Республикасының мемлекеттік экологиялық саясатында айқындалған экология саласындағы стандарттарға қол жеткізуге ұмтылады.