Қазақмыстық жұмысшылар Ұлытау облысының - чемпиондары!
20.02.2023
Облыстың
аудандарынан қалаларынан келген 13 команда бақ сынасты. Сегіз қырлы бір
сырлы қазақмыс жігіттері бұл жарыста топ жарды. Жезқазған
байыту фабрикасының жұмыскерлері тоспа доп Турнирінде үздік ойын өрнегін
көрсете білді. Бұған дейін футболдан талай мәрте топ жарған фабрика спортшылары
әуесқой спортшы болса да шеберліктері жеткілікті. «ORTA CUP» волейбол турнирі
биыл алғаш ұйымдастырылып отырғанына қарамастан қатысушылар саны аз емес. Жезқазған,
Сәтбаев, Жаңаарқа, Ұлытау аудандарынан келген командалармен қатар, қазақмыс
спортшылары бақ сынады. Еңбекпен спортты қатар алып жүрген байыту фабрикасының
жігіттері қарсыластарынан басым түсіп турнир жеңімпаздары атанды. Байытушы
еңбек адамдары арасынан жасақталған екі команда турнирде 1-2 орындарға
жайғасты. Жезқазған, Сәтбаев командалары 3 және 4 орындарға табан тіреді.
Осылайша өндірісте жұмыс жасап жүрген жігіттер спортта да алда екендерін
дәлелдеді. Қазақмыс спортшылары тек қана алға!



