Бұл сайт — «Қазақмыс» Тобының жалғыз ресми ресурсы. Басқа сайттарда жарияланған ақпарат үшін компания жауапты емес.

Ардагерлерді Жеңістің 78 жылдығымен құттықтау

Ардагерлерді Жеңістің 78 жылдығымен құттықтап, өндірісті дамытуға қосқан үлестері үшін алғыс айтылып, азық-түлік пакеттері мен ақшалай сыйлықтар табыс етілді. Римма Ивановна Демьяненко, Хамит Әлібеков пен Иван Иванович Куценко және басқалар келген қонақтарды жылы лебізімен қарсы алып, өздерінің еңбек жолдары туралы әңгімеледі. Қарағандылық Иван Иванович Куценко кәмелет жасқа толмағандықтан майданға алынбаған жандардың қатарында еді, бірақ оның көрген қиындықтары жеткілікті болатын. Оның еңбек жолындағы басты даңқын арттырған орны Қарағанды құю-машина құрастыру зауыты болды. ҚҚМЗ –да ол жарты ғасырдан астам еңбек етті. Ерен еңбегі үшін «Еңбек Қызыл Ту ордені» және «Еңбек даңқы» медалімен марапатталды. Осы зауыттан құрметті еңбек демалысына шықты. Тоқсанның үшеуіне келген Иван Ивановичтің бүгінде құлағы нашар естиді және баяу қозғалады, осыған қарамастан қонақтарды өзі қарсы алып және құттықтауларға қуана жауап берді. Өзіне көрсетілген құрметке алғысын білдірген қария бүгінде кәрілікке ғана шағымының бар екенін айтып әзілдеді.