ҚР ТЖМ Вице-министрі «Қазақмыс» өкілдерімен кеңес өткізді
02.02.2024
Жұмыс сапары барысында «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС
басшылығымен және бас мамандарымен техникалық кеңес өткізілді. Кеңесте Ұлытау
облысы бойынша орналасқан жерасты кеніштерінің тау-кен қазбаларының
геомеханикалық жай-күйі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік
қауіпсіздік саласындағы нормативтік құқықтық актілердің сақталуы бойынша жер
асты бос кеңістіктерін бақылауда ұстау бойынша бірқатар мәселелер талқыланды. Кеңесті қорытындылай келе, ТЖМ вице-министрі «Қазақмыс
корпорациясы» ЖШС басшылығына және Ұлытау облысы бойынша өнеркәсіптік
қауіпсіздік комитеті департаментінің басшылығына өнеркәсіптік қауіпсіздік және
нормативтік құқықтық актілер саласындағы талаптарды сақтауды тапсырды.



