Цифрлық даму вице-министрі «Қазақмыстың» цифрлық шешімдерімен танысты
15.08.2025
Бүгінде Топ кәсіпорындары өндірістің тиімділігі мен
қауіпсіздігін арттыру үшін отандық заманауи IT-құралдарды белсенді қолдануда.
Олардың қатарында жер асты радиобайланыс жүйесі, персонал мен техниканың
орналасқан жерін анықтау, тау-кен жұмысын жоспарлау, жабдықты бақылау және
апатты хабарлау жүйелері бар. Алғаш рет 2018 жылы «Батыс» кеніші құрамындағы 67-шахтаға
енгізілген DMMS (Digital Monitoring and Management System) жүйесіне ерекше
назар аударылды. Бүгінгі таңда бұл технология 13 жер асты нысанында
қолданылады. 2025 жылы жаңа жүйені тағы төрт нысанға енгізу жоспарланып отыр. Сапар барысында тараптар қолданыстағы шешімдерді дамыту,
отандық IT-компаниялардың цифрлық құралдар тізімін кеңейту және жасанды
интеллектті енгізу мүмкіндігін талқылады. Цифрландыру министрлігі өкілінің жұмыс сапары мемлекет,
өнеркәсіп және IT-сектор арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған нақты
қадам болды. Айта кетерлігі, барлық цифрлық шешімдер ең алдымен
қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Компания
автоматтандырылған медициналық тексеру жүйесін, жабдыққа предиктивті қызмет
көрсету тәсілін сонымен қатар адам факторының тәуекелін төмендететін және өндірістің
тоқтап қалуын азайтатын технологияларды қолданады.



