Геологиялық-барлау ардагерлері Геологтар күніне орай Геологиялық кластерге барды
Геологтар күнін мерекелеу аясында Қазақмыс Геологиялық кластеріне өңірлік геологиялық қызмет жүйесінің негізін қалаған геологиялық барлау саласының 20-дан астам ардагері келді. Делегацияны ардагерлер кеңесінің төрағасы Төлеген Нұрмағамбетұлы Бүкіров басқарды.
«Қазақмыс Барлау» компаниясының бас директоры Ғалым Нұржанов қонақтарға Геологиялық кластердің өндірістік және білім беру мүмкіндіктерін таныстырды. Ардагерлер зертханалық кешенмен, керн қоймасымен, оқу орталығымен, сондай-ақ іздестіру-барлау жұмыстарында қолданылатын заманауи технологиялармен танысты.
Геологиялық деректерді интерпретациялаудың жаңа тәсілдеріне және кен орындарын модельдеуге, сондай-ақ сала мамандарын даярлау жүйесіне ерекше назар аударылды. Ұсынылған шешімдер геология ғылымының заманауи технологияларға негізделген ұрпақтар сабақтастығын және дамуын көрсетеді.
Кездесу барысында ардагерлер жас мамандармен кәсіби тәжірибелерімен бөлісіп, бағыт-бағдар көрсетті. Олар Геологиялық кластер сияқты жобалардың саланы дамытудағы және жаңа буын геологтарын ынталандырудағы маңыздылығын атап өтті.
«Мұндай бастамалар геологиялық-барлау саласының ең үздік дәстүрлерін сақтап қана қоймай, жаңа ашылымдардың негізін қалайды», – деп атап өтті ардагерлер кеңесінің өкілдері.
Сапар соңында Төлеген Букуров Геологиялық кластерге Қарсақпайға көрнекті геолог-ғалым Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың келгеніне 100 жыл толуына арналған қолөнерден жасалған естелік панноны табыс етті.
Анықтама үшін: Геологиялық кластер құрылысына салынған жалпы инвестиция көлемі 11 млрд теңгеден асты. Объектінің жалпы аумағы — 14 мың шаршы метр, керн сақтау қоймасының көлемі — 200 мың қума метр. Жоба аясында 200-ден астам жаңа жұмыс орны құрылды.











